Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Мемлекеттік құпияны жариялады деген айыппен үщ жылға бас бостандығынан айрылған қазақстандық журналист Рамазан Есіргеповтің мерзімінен бұрын бостандыққа шыға турасында төртінші рет берген арызы да қанағаттандырылмады. Коммунистер Ғазиз Алдамжаровқа не үшін ырза емес? Алдымен баспасөз-баянымен таныстырып, артынша-ақ онда жазылғандармен келіспеймін деген Бақыт Есжанова кім? Қырғызстанда президенттік сайлауға түспек болып ниет еткендер саны 80-нен асты. Олардың біреуі Қырғызстанда туған қазақ азаматы болып шықты. Қырғыз еліндегі биылғы сайлаудың ерекшеліктері қандай деген тұрғыда әңгіме қозғайтын боламыз. Париж қазақтарының бір өкілі Абдулсамет Алтаймен сұқбатты да бүгінгі хабарда тыңдай аласыздар. Немістің «Шпигель» онлайн басылымы СССРдің алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевтің құпия хаттарын қайдан тауып жариялап отыр және ол хаттарда не туралы айтылған екен?