Уақыт бедері

Your browser doesn’t support HTML5

Жазушы Қабдеш Жұмаділов Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға қатысты зиялы қауымның пікірлері әр түрлі болды дейді. ол  елдегі зиялы қауым өкілдері бөлініп кетті деп санайды.  Оның сөзінше, Жаңаөзендегі оқиға Конституциялық құқықтардың орындалмауынан туды деп есептейді. Жазушы халыққа өз құқықтарын қайтару керек дейді.  Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова халыққа оқ атуға бұйрық берген адамды атауды талап ету керек дейді . Оның сөзінше,  Жаңаөзендегі оқиғаның ушығуына жеті ай бойы ереуілшілердің талаптарына назар аудармау әсер етті.  Жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев Қазақстанның тәуелсіздігі толық емес деп санайды.  Жазушы Ғаббас Қабышұлы Жаңаөзендегі оқиға туралы мәліметтерді Үкімет жасырып отыр  дейді. Ол елде демократия жоқ деп санайды.