Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Арқанкерген шекара постында бірге қызмет еткен 14 шекарашы мен орманшыны өлтіргені турасында аман табылған 15-ші шекарашы 19 жасар Владислав Челах мойындады деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Қазақстандық әскери - сарапшы-саясаткерлер мұндай ақпаратқа түрліше пікір білдірді Азаттық радиосына берген сұқбаттарында Владислав Челахтың анасы мен атасы шекарадағы әскери қызметім жақсы өтіп жатыр деп хат жазған ұлы мұндай жантүршігерлік әрекетке барады деп ойламайтынын айтады. Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы пәтерінде жұмбақ жағдайда қаза болған азаматық белсенді Тахир Мұхамедзияновтың өлімінің жай-жапсары тексеріліп жатыр. Халықаралық "Фридом хаус" ұйымы Қазақстандағы демократия жағдайының нашарлағанын айтып отыр.