Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Арқанкерген оқиғасында тірі қалған шекарашы Владислав Челахтың 14 серіктесі мен қорықшыны бір өзі өлтіргенін мойындағаны жөнінде Бас прокуратура ресми түрде хабарлады. 19 жасар бұрынғы шекарашы енді өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін. Челахтың анасы Светлана Ващенко баласының мұндай әрекетке баруы мүмкін емес дейді Ал әлеуметтік желілерде отырған оқырмандар болса, шекарашының жалғыз өзі әріптестерін қалай қырып тастауы мүмкін деген мәселені қызу талқылап жатыр. Тілшілеріміз осы пікірталастарды шолып өтетін болады. Өзбекстандық екі диссидентке елден шығу визасы не себепті берілмей қойды? Жаңаөзен қаласының әкімі кешегі газ өңдеу зауытында болған жарылыс пен өрттен зардап шеккен жанға көмек көрсетіліп жатыр дейді Азаттыққа берген сұқбатында. .