"Астана-Энергия" басшысына іс қозғалды

Көрнекі сурет.

Толықтай мемлекет иелігіндегі "Астана-Энергия" компаниясының басқарма төрағасы "пара алған" деп күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы полициясына сілтеме жасап жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Астана қалалық қаржы полициясы департаменті компания басшысының үстінен Қылмыстық кодекстің 1-бабының 311-тармағы бойынша ("пара алу") қылмыстық іс қозғаған.

Қаржы полициясының дерегінше, компания басшысы биыл 26 шілде күні жекеменшік фирма өкілінен 850 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікке қалып отыр.