Украина әскері Донецкіге таяды

Your browser doesn’t support HTML5

6 тамыз күні Украинаның шығысында сепаратистер мен үкімет күштері арасында ұрыстар жалғасты. Донецкіден 75 километр жерге орныққан Украина армиясы сепаратистер бекінген қаланы қоршауға алмақшы. Бұл кезде Украина шекарасына жақын маңда Ресей әскері топтаса бастағанына Батыс елдері алаңдаушылық білдірді. Бірақ Ресей жағы шекаралық аймақта әскерін шоғырландырып жатпағанын айтады. Киевтің мәлімдеуінше, сәрсенбі күні елдің шығысындағы жекелеген қақтығыстарда 18 сарбаз қаза тауып, 54 адам жараланған.