Ирак езидтері араша сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Иракта діни азшылықты құрайтын езидтер «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымы салған қырғыннан бассауғалап, өмірлеріне қауіп төнгендіктен бұл елден кетуге жәрдем сұрайды. Дахуктегі шеруге қатысқан жүздеген адам «Езидтер геноцидіне жол берілмесін!» деген жазу ұстап шықты. Баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған мыңдаған езидтер қазір содырлар қоршауындағы Синжар тауын паналап жатыр. Ирактағы 4 мың жылдық тарихы бар езид азшылығы тамырын зароастризмнен алатын ерекше дін ұстанады. Езид жетекшілері «әсіредіншілдер оларды жаппай өлтіруі» немесе «қуғынға түскен қауымның аштан қырылуы мүмкін екенін» ескертті.