Алматыда АИ-92 бензині әлі де тапшы

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Алматыдағы бензин кезегі. 22 тамыз 2014 жыл.

АИ-92 маркалы бензин қымбаттаған соң Алматы қаласында кейбір жанармай құю бекеттерінде бензиннің бұл түрі талонмен сатылып жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін "ҚазМұнайГаз" компаниясының Алматыдағы жанармай құю станциялары АИ-92 бензині тек талонмен сатып жатыр. Ресейлік "Газпром" компаниясының станциясы да осы маркадағы бензинді талонмен беріп жатыр.

Ал "Sinooil" компаниясының жанармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин бағасы әлі бұрынғы қалпында - 115 теңге. Бірақ "Sinooil" бекеттерінде ұзақ-сонар көлік кезегі тұр.

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі 21 тамызда жанар-жағармай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасының шегін белгілеген. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың министрлік сайтында жарияланған бұйрығы бойынша, енді дизель отынының бір литрінің бағасы - 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин - 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин - 128 теңгеден аспауы тиіс.