Қазақстан бәсеке рейтингісінде 50-орында тұр

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайынғы әлемдегі экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады. Қазақстан рейтингте өткен жылғы көрсеткішінен бір саты жоғарылап, 50-орынды иеленген.

Форум рейтингісінде биыл да алтыншы жыл қатарынан Швейцария 1-орын алған. 2-орынды Сингапур, одан кейінгі сатыда АҚШ тұр. АҚШ өткен жылы рейтингте бесінші тұрған. Былтырмен салыстырғанда биыл Жапонияның көрсеткіші жақсарып, 9-орыннан 6-орынға көтерілген.

Экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жөнінен Ресей 53-орынды иеленген. Ресей өткен жылғы көрсеткішінен 11 орын көтерілген. Бірақ Дүниежүзілік экономикалық форум Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге санкция салынуы бұл елдің бәсекеге қабылеттілігін төмендетуі мүмкін деп ескертеді.