Алматыда мемлекеттік тілді қолдау жиыны өтті

Your browser doesn’t support HTML5

Мемлекеттік тілді қолдау жиыны

20 қыркүйек күні Алматыдағы "Жалын" журналының редакциясында жүзге жуық адам жиналған "мемлекеттік тілді қолдау" акциясы өтті.

Жиынға саясаткерлер, ақын-жазушылар, азаматтық белсенділер, қарапайым азаматтар - жиыны жүзге жуық адам қатысты.

Жиында сөйлеген Мұхтар Шаханов "шенеуніктердің әлі күнге мемлекеттік тілде аз сөйлейтінін" айтқан. Жиынға келген өзге де белсенділер үкіметтің мемлекеттік тілді дамыту саласындағы жұмыстарын сынаған.

Белсенділер арасында "мемлекеттік тілді қолдау мақсатында көше акцияларын өткізуді" ұсынғандар да болды. Алайда акция ұйымдастырушысы Мұхтар Шаханов белсенділерді райларынан қайтарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар бүгінгі акцияны өткізу үшін Алматы әкімдігінен Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, "Қазақконцерт" ғимараты сияқты бірнеше нысандарды сұраған. Алайда әкімдік рұқсат бермеген.

Екі сағатқа жуық созылған жиынның соңы тіл туралы дауға ұласқан.