Қазақ-қырғыз шекарасындағы маусымдық бекет жұмысы ұзартылды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Ақ жол" кеден бекетінің қырғыз жағындағы жазу. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарқара» автокөліктік маусымдық өткізу-бақылау бекетінің жұмысы 2014 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазТАГ және жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Қарқара» автокөліктік өткізу пункті 1 қарашаға дейін күндіз, сағат таңғы 8.30-дан кешкі 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісім бойынша бұл бекет - халықаралық өткізу-бақылау пункті. Ол Қазақстанның Алматы облысы Райымбек ауданы мен Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Түп ауданы арасында орналасқан.

Маусымдық бекеттің 2014 жылғы жұмысы 16 мамырда басталған еді.

Қазақ-қырғыз шекарасында он шақты өткізу бекеті бар.