Гонконгте наразылар қатары сиреді

Your browser doesn’t support HTML5

Гонконг көшесіндегі жаппай наразылыққа қатысушылардың көбі осы апта басында жұмыс орындарына орала бастады. Қатары сирегенімен бұрынғысынша билікке наразылар шоғыры қаланың іскер ауданындағы көшеде шеруді жалғастырып жатыр. Қыркүйектің соңында басталған шеруге қатысушылар биліктен 2017 жылы Гонконгте аймақ басшысын еркін және тікелей сайлау жолы арқылы тұрғындардың өздері таңдап алуына шектеу қоймауды талап етеді. Қолданыстағы қазіргі жүйе бойынша Гонконг басшысын Пекинге бағынышты сайлаушылар алқасы тағайындайды.