Үкімет нысандарын күзететіндерді суицидтен сақтандырмақ

Президент кеңсесіне бармақ болған наразы адамдарды жібермей қоршап тұрған полицейлер. Астана, 28 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Үкіметтік ғимарттарды күзететін полиция полкінің қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуға бағытталған тренингтен өткізіледі деп хабарлады ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бұған дейін тамыз айында парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс ғимаратында ІІМ-нің үкімет үйлерін күзететін полиция полкі инспекторының жансыз денесі табылғаны хабарланған еді. Марқұмның 1990 жылы туғаны және "өзін-өзі атып өлтіргені" айтылған.

Министрліктің ақпараты бойынша, полк қызметкерлері арасында суицидтің алдын-алу шаралары жүргізіліп, тоқсан сайын психодиагностикалық тексеру, түзету шараларын өткізу белгіленген.