Путин туған күнін Сібірде атап өтпек

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин туған күнінде демалыс алып, тайгада атап өтпекші. Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президенті 7 қазанда Сібірге, ең жақын деген елді мекеннің өзінен 300-400 километр қашықтықтағы жерге аттанатынын хабарлады.

Бірақ Путин 62 жасқа толған туған күнін нақты қайда атап өтетіні ашып айтылмады. Тек оның тайгаға бару шешіміне 8 қазанға жоспарланған Сібірдегі жергілікті билік өкілдерімен кездесу себеп болғаны хабарланды.

Бұған дейінгі жылдары туған күнінде жұмыста болатын Владимир Путиннің бұл жолы ол әдетін өзгертуге не себеп болғаны айтылған жоқ.