Сүңгуір қайықты іздеу

Your browser doesn’t support HTML5

Швецияда Стокгольм топаралы аймағындағы теңізден шетелдік сүңгуір қайық жүруі мүмкін деген ақпаратты тексеру жалғасып жатыр. 17 қазанда басталған операцияға кемелер, тікұшақтар мен жүздеген әскерилер жұмылдырылған. Швециядағы беделді апталықтардың бірі Svenska Dagbladet басылымы швед әскерилері белгісіз сүңгуір қайықтың дабыл белгісі тіркелгені туралы жазады. Ол дабылды Калининградтағы әскери-теңіз базасына ресейлік сүңгуір қайық берген болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Ресей билігі 19 қазанда Швеция жағалауына жақын теңізге ешбір сүңгуір қайығы бармағанын және ресейлік әскери қайықтар ешқандай апатқа кезікпегенін мәлімдеді.