Астанада балама энергия жайлы жиын басталды

"Болашақтың энергиясы: СО2 қалдығын қысқарту" форумында отырған адамдар. Астана, 23 қазан 2014 жыл.

Бүгін Астанадағы тәуелсіздік сарайында "ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында "Болашақтың энергиясы: CO2 қалдығын қысқарту" деген атаумен халықаралық форум басталды.

Форум кезінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының президенті Талғат Ермегияев журналистерге "көрмеге кіру билетінің құны 27 еуро болатынын, көрмеге қатысатын мамандар мен туристерге арнап пәтерлер салынатынын" хабарлады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, форумға 500-ден астам адам қатысады деп жарияланған. Форумды "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы 2017 жылға дейін жыл сайын өткізіп тұрмақ.

Форумға әлемнің энергетикалық саладағы жүздеген сарапшылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мемлекеттік сектор өкілдері қатысуда.

Форум 24 қазан күні аяқталады.