Балқаш-Қарағанды жолында қозғалыс шектелді

Алматыдағы қар. (Көрнекі сурет)

Көктайғаққа байланысты Қарағанды-Балқаш тас жолында қоғамдық көлік қозғалысы шектелді деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

"Қазгидромет" мекемесінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында күн суытып, кейбір жерлерде ауаның температурасы минус 10 градусқа дейін төмендейді. Жаңбыр соңы қарға ұласады.

27 қазанға қараған түні Алматыда да жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты.