Алматыдағы "барахолка" тағы өртенді

Барахолка базары. Алматы, 4 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматыда ел аузында "Барахолка" атанып кеткен ірі сауда аймағында орналасқан "Әл-Фараби" базарында өрт шықты деп хабарлайды BNews сайты.

Базарда өрт шыққаны туралы ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растаған. Өртке қарсы қызмет базардағы өртті күндізгі сағат 12-ге таман сөндірген.

"Әл-Фараби" базарында ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар мен той жабдықтары сатылады.

Былтырғы күзден бері «Барахолканың» он шақты базары өртенген еді. Кейін бірнеше базардың автокөлік жолына жақын қатарлары сүрілген.