«Пешмерга» жасағы Кобаниге аттанды

Your browser doesn’t support HTML5

Түркия үкіметі ел аумағы арқылы өтуге рұқсат берген соң, Ирак күрдтерінің «Пешмерга» қарулы жасағы 29 қазанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласының әуежайына ұшақпен жеткізілді. Бұдан соң оларды Сириямен шекараға Түркия қауіпсіздік күштері алып жүрді. «Пешмерга» жасағы Түркиямен шекарадағы Сирияның Кобани қаласын қоршап алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен соғысып жатқан жергілікті күрдтерге көмекке бармақ. 29 қазан 2014 жыл.