Ашура күні қарсаңындағы шабуыл
Your browser doesn’t support HTML5
Ирак шииттерінің Ашура мерекесі қарсаңында ел астанасы Бағдатта екі жарылыстан кемінде 20 адам қаза тапқан. Жарылыстардың бірі Бағдаттың орталығында, екіншісі - Садр-Сити ауданында болған. Биыл Ашура күні 3 қарашаға келіп отыр. Бұл күні шииттер 680 жылы Кербела маңында қаза болған Мұхаммед пайғамбардың немересі Хусеин имамға құлшылық жасайды. Ирак шииттері биыл елде біраз аумақты басып алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы үкімет күштері жағында соғысып жатыр.