«Оқжетпес» - бірінші лиганың үздік футбол командасы

Футбол матчы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан чемпионатының бірінші лига командалары арасында үздік шыққан Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы биылғы ойын маусымын 64 ұпаймен аяқтап, премьер-лигаға жолдама алды. Сенбі күні өткен матчта көкшетаулықтар Ақтаудың «Каспий» командасын 4:1 есебімен ұтты.

Шымкенттің «Қыран» командасы астаналық «Астана-1964» ойыншыларын 3:1 есебімен жеңіп, 60 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерлді. Шымкенттік футболшылар енді премьер-лигаға өту үшін биылғы жарыста жоғарғы топта 11-орын алған командамен ойнайтын болады.

Қазір бірінші лигадағы «Астана-1964», «Каспий» және Оралдың «Ақжайық» командаларының үшеуі бірдей – 55 ұпайдан жинады.