Мемлекеттік хатшы мен облыс әкімі тағайындалды

Ақорда. (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметінде бүгін бірнеше шенеунік жаңа қызметке тағайындалды.

Президент жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметіне босатылып, мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат жиынында жаңа облыс әкім ретінде Даниал Ахметовты таныстырған. Мәслихат депутаттарының барлығы оның кандидатурасын бір ауыздан қолдаған.

Бұған дейін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев болған еді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бердібек Сапарбаев премьер-министр орынбасары болып тағайындалды.

Даниал Ахметов 2001-2003 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі, 2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметін атқарды. Ол 2007-2009 жылдары ҚР қорғаныс министрі болды.

2012 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша алқасының мүшесі.