Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 килограмм салмақ дәрежесінде қазақстандық атлет Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанды. Ол қоссайыс бойынша 408 килограмм (179+229) көтерді.
Күміс медальді 407 килограмды көтерген тағы бір қазақстандық Владимир Седов иеленді. Қола жүлдені 399 килограмм көтерген литвалық Ауримас Дижвалис алды.
Бұған дейін бұл жарыста Қазақстан спортшылары Зүлфия Чиншанло - алтын, Жәзира Жаппарқұл күміс жүлде алған еді.
8 қарашада басталған әлем чемпионаты 16 қарашада аяқталады.