Шымкентте Эболаға қатысты жаттығу өтті

Эболадан сақтанып тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)

Шымкент халықаралық әуежайында Эбола вирусы анықталған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керегі туралы оқу-жаттығу шарасы өтті.

Шараны Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау және төтенше жағдайлар департаменттері ұйымдастырған.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаевтың Азаттыққа айтуынша, оқу-жаттығуға жүзге жуық маман қатысқан.