Путин: Ресейден ешкімге қауіп жоқ

Your browser doesn’t support HTML5

26 қараша күні Сочиде Ресей қарулы күштерін дамыту жөнінде өткен кеңесте ел президенті Владимир Путин Ресейдің геосаяси ойындар мен жанжалға араласпайтыны туралы мәлімдеді. «Біз ешкімге қауіп төндірмейміз және ешқандай геосаяси ойындарға араласпаймыз, әсіресе бізді жанжалдарға киліктіргісі келетін кімнің де болсын қитұрқылығына берілмейміз» деген ол. Кремль басшысы, сонымен бірге, Ресейге егемендігі мен тұтастығын және одақтастарының қауіпсіздігін қорғау қажеттігін айтқан.