Астанада бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды

Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар. (Көрнекі сурет).

Астана мектептерінде бүгін боранның күшеюіне байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарланды қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның бірнеше облысында желтоқсанның 8-9 күндері ауа-райы күрт суытып, жел күшейетінін ескертті.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында түнде ауа температурасы 20-25 градус, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 30 градус аяз болатыны хабарланды. Бұл облыстарда жел күшейіп, көктайғақ болады деген болжам бар.