Назарбаев Алматыда инновациялық көрмеде болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ҚазҰУ) барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Назарбаевқа университетте медициналық-биологиялық және инновациялық кластер құру жобалары туралы айтқан. Ректордың сөзінше, жобада мемлекет-жеке меншік сектор әріптестігі негізінде 500 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Университет жобаларының бірі - "Алатау" инновациялық технологиялық паркімен бірге "Инжиниринг және ғылыми технология" кластерін құру екені айтылған. ҚазАқпарат технопарк, өндірістік орталық, ғылыми-зерттеу институттарының зертханалық корпустарына және студенттер мен жас оқытушыларға арналған жатақхана құрылыстарына 9.5 миллиард теңге жұмсалмақ.

Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Назарбаев Алматыда инновациялық даму мәселелері жөнінде жиын өткізеді деп хабарлаған.