Қазақстанда жанармай арзандады

Алматыдағы жанармай құю станцияларының бірі. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы арзандады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, министр Владимир Школьник шығарған бұйрықта мемлекет бөлшек саудада Аи-92/93 маркалы бензиннің бір литрінің шектік бағасы - 115 теңге, дизель отынының бір литрінің шектік бағасы - 107 теңге, Аи-80 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 89 теңге деңгейінде белгіленген.

Жанармайдың үкімет белгілеген бағасы бұйрық жарияланған күннен, 10 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.