Астанада құрылысшылар жалақыларын төлеуді талап етті

Жалақыларын даулаған жұмысшылар қалалық ішкі істер департаментінде полиция басшыларымен кездесіп тұр. Астана, 15 желтоқсан 2014 жыл.

Бүгін Астана қаласында 50 шақты құрылысшы жалақыларын өндіріп беруді талап етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жұмысшылар бүгін түске дейін Бейбітшілік көшесі бойынша орналасқан қалалық ішкі істер департаментінің алдына жиналған. Олар "Адэ Құрылыс", "Corpouftion AE" компанияларынан үш ай бойы жалақыларын ала алмай жүргендерін айтып, департамент бастығынан жалақыларын алып беруге ықпал етуді сұрамақ болған.

Оқиға орнында жұмысшылардың жартысына жуығын полиция қызметкерлері ұстап, автобустарға тиеген. Бұдан соң жұмысшылармен жолығуға шыққан департамент өкілі оларға депратамент ғимаратында сөйлесуді ұсынған. Бірақ жұмысшылар ұсталған әріптестері босатылғаннан кейін ғана сөйлесетіндерін айтқан. Бұдан соң полиция ұсталғандарды босатып, барлық жұмысшы департамент ғимаратына сөйлесуге кіргізілген.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, жиынға департамент, прокуратура өкілдері қатысып, мәселенің шешілуі жайында сөйлескен. Жарты сағатқа созылға кездесуден соң жұмысшылар тарқаған.

"Адэ Құрылыс" және «Corpouftion AE" құрылыс компанияларының жұмысшылары өздерінің ЭКСПО-2017 көрмесі нысандары салынатын аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізгенін айтады