Алматыда белсенділер сөзіне кедергі жасалды

Your browser doesn’t support HTML5

Еске алудағы әуен

Алматыда тәуелсіздік күніне орай бір топ қоғамдық белсенді Тәуелсіздік монументіне гүл қойды. Алайда олардың сөйлеуіне кедергі жасалып, ескерткіш басына қойылған дауыс күшейткіштен музыка ойнап тұрды.

Жиналғандар биліктің саясатын және бүгінгі шара барысында сөйлеуге кедергі жасаған әрекетті сынады. Әлдекімдер биліктің саясатын насихаттайтын газеттердің бірін таратқан.

Шараға шамамен 40 шақты адам қатысқан. Қоғамдық белсенділер жиналған ескерткіш маңында полиция қызметкерлері де әдеттегіден көп болды.

Тәуелсіздік монументіне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған бір топ шенеунік те гүл қойып, алматылықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі" туралы конституциялық заңы" қабылданып, Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.

Ал 2011 жылы осы күні Жаңаөзен оқиғасы болып, 16 адам қаза тапты. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда Желтоқсан оқиғасы да болғанын айтқан кейбір белсенділер осыған байланысты 16 желтоқсанды мереке күні емес, аза күні деп жариялаған дұрыс деген пікірде.