Алматыдан шығысқа қарай 294 километр қашықтықта, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.05-те жер сілкінді.
"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы" республикалық мекемесінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 4.5-ті құраған. Думпу жердің 10 километр тереңдігінде болған.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат жоқ.