Алматыда "Еуразия" арнасына қарсы шағым қарала бастады

Бүгін Алматының Әуезов аудандық сотында азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевтың "Еуразия" бірінші арнасының үстінен берген шағымы бойынша сот тыңдауы басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Нарымбаев шағымында телеарнаны Қазақстанның тіл туралы заңын, ретрансляция туралы заңын орындамады, "соғыс пен шовинизмді насихаттады" деп айыптап, соттан ақпарат және байланыс комитеті "телеарнаның бұл әрекетіне ешқандай шара қолданбай отыр" деп тануды талап етеді.

Сотты Әуезов аудандық сотының судьясы Алтынай Жұмабаева қарап жатыр.