Татарстан президенті Қазақстанға келді

Татарстан президенті Рустам Минниханов.

Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Рустам Минниханов Астанада қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылайды.

Татарстан басшысы мен қорғаныс министрі бұған қоса Қазақстан мен Татарстанның қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту саласындағы жобаларды іске асыруда өзара байланыс жайын да талқыламақ.