Мәскеу жиынды қуып таратты

Your browser doesn’t support HTML5

30 желтоқсанда Мәскеудің Манеж алаңында ағайынды Алексей және Олег Навальныйларды қолдауға жиналған халықты екі сағаттан соң полиция қуып таратты. Алексей Навальныймен қоса жүздеген адам ұсталды. Мәскеудің Замоскворецкий соты кеше "Ив Роше" компаниясындағы "қаржылық алаяқтық ісіне" қатысты деп айыпталған оппозиционер Алексей Навальный мен оның інісі Олег Навальныйге үкім шығарды. Алексей Навальный үш жарым жыл мерзімге шартты түрде сотталып, ал Олег Навальный үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.