Кетебаевқа телеграмма

Your browser doesn’t support HTML5

Испанияда қамалған қазақ саяси эмигранты Мұратбек Кетебаевтың Алматыдағы жақтастары оны қолдап телеграмма жіберді. Кетебаев отырған Мадридтегі түрмеге жіберілген телеграммада «Мұратбек Кетебаев босатылсын!» және «Сот масқара болды» деген сөздер жазылған. Жай киімдегі адамдар бейбіт түрде өткен белсенділер шарасын сырттай бақылап тұрды, ешкімді ұстаған жоқ. Алматы. 5 қаңтар. 2015 жыл.