Джон Керри Парижге барады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Гандинагар қаласында баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Үндістан, 12 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қаңтардың 15-16-сы күндері Франция билігімен экстремизммен күрес шараларын талқылау үшін Парижге баратынын айтты. Ол мұны бүгін Үндістанның Гуджарат штатының орталығы Гандинагар қаласында мәлімдеді.

АҚШ президент Барак Обама әкімшілігі қаңтардың 11-інде Парижде өткен, терактілер құрбандарын еске алу маршына билік өкілдерін жібермегені үшін сынға ұшыраған. Маршқа бір миллионнан астам адам, оның ішінде әлемнің 40-тан астам мемлекеті басшылары қатысқан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Парижге АҚШ-тың "ежелгі одақтасымен ынтымақтастығын нығайта түсу үшін" баратынын айтады.

Джон Керри Парижде Франция сыртқы істер министрі Лорен Фабиуспен кездесіп, 7-9 қаңтардағы терактілерден құрбан болған 17 адамды еске алмақ.