Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті қамауға алу мерзімі ақпанның 23-іне дейін ұзартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық 1-соты Әбдішевті қамауда ұстау мерзімін тергеушінің өтінішімен ұзартқан.
Сот өткен жылдың 25 қыркүйегінде Бауыржан Әбдішевті қаңтардың 25-іне дейін қамауға алуға санкция берген.
Бауыржан Әбдішев қыркүйектің 24- іне ауған түні ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің "қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану" бабы бойынша айып тағылған.
Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметін 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымы аралығында атқарған еді.