Бельгияда қауіпсіздік күшейтілді

Your browser doesn’t support HTML5

Бельгия үкіметі Брюссель мен Антверпен қалаларында 300-ге жуық әскери қызметкерлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шыққаны туралы хабарлады. Бұл екі қалада еврей қауымдастығы өкілдерінің айтарлықтай бөлігі тұрады. Бейсенбі күні елдің шығысындағы Вервье қаласында исламшыл экстремистер болуы мүмкін деген күдікке ілінгендерге қарсы полиция операциясы кезінде екі адам оққа ұшқан еді. Кейін билік орындар ол екі адамның Сирияда жиһадшылармен кездесіп қайтқаны және Бельгия аумағында шабуыл ұйымдастыру ниеті болғаны туралы хабарлады.