Алматыда пәкістандықтың соты жүріп жатыр

"Заңсыз миграция ұйымдастырды" деп айыпталған Пәкістан азаматы Сарфараз Хуссаин Ахмед Шафиктің үстінен жүріп жатқан сот процесі. Алматы, 23 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Алматының Алмалы аудандық сотында "заңсыз миграция ұйымдастырды" деп айыпталған Пәкістан азаматы Сарфараз Хуссаин Шафик Ахмед пен қазақстандық екі азаматтың үстінен сот процесі жалғасты.

Азаттық тілшісі қолына түскен айыптау материалдары бойынша, Сарфараз Хуссаин "Қазақстанға шетел азаматтарын заңсыз миграциялау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарды" деген айыпталады. Тергеу деректері бойынша, топ құрамына Пәкістанның Малик А.А. есімді тағы бір азаматы мен қазақстандық Ғалия Досымова және Бекжан Наметов кірген. Ресми айыптау бойынша, топ Қазақстанға Пәкістан, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден заңсыз адам кіргізбек болған.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сотта Сарфараз Хуссаин мен оның адвокаты істің урду тіліне аударылмағанын айтып, сотқа қатыспайтындарын мәлімдеген.

Сотқа куәгер ретінде 145 адам тартылған.