Пәкістанда жарылыстан кемі 40 адам мерт болды

Жарылыс болған маң. Шикарпул. 30 қаңтар 2015 жыл.

Пәкістанның Синд провинциясындағы шииттер мешітіндегі жарылыстан кем дегенде кемінде 40 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды. Жарақаттанғандардың барлығы қаладағы ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс Карачиден 470 километр жердегі Шикарпул қаласында жұма намазы кезінде болған. ​

Әзірге жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Пәкістанда сүннит және шииттер арасында бірнеше жылға созылып келе жатқан қақтығыстан жүздеген адам мерт болды.