СІМ шетелдік іссапар қаржысын қысқартпақ

Астанадағы үкімет үйі

Қазақстан сыртқы істер министрлігі шетелдік іссапарлардың санын қысқартады. Бұл туралы мәлімет министрліктің ішкі саясат ведомоствасының Facebook парақшасында жарияланды.

Министрліктің арнайы жиналысында қазіргі экономикалық жағдайға байланысты қаржы үнемдеу мәселесі талқыланып, іссапарлар қаржысын қысқарту туралы шешім шығарылған.

Қаржы үнемдеу шарасы Қазақстанның шетелдегі барлық елшіліктерінде де жүргізіледі.

Бірақ ведомоство мәлімдемесінде нақты қанша шетелдік іссапарлар мен қанша көлемде қаржы үнемделетіні айтылмаған.