Украиналық үш азамат Атырауда жол апатында өлген

Көрнекі сурет.

Қазақстанның батыс өңірінде, Құлсары-Атырау тас жолында болған автокөлік апатынан Украинаның үш азаматы мерт болған. Бұл туралы атыраулық «Ақ Жайық» басылымының сайты хабарлады.

Жылыой аудандық прокурорының орынбасары Жәнібек Қаражановтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы сенбі, ақпанның 7-сі күні жергілікті уақытпен 16 сағат 30 минут шамасында болған. Тас жолдың 44-километрінде «Мерседес» маркалы жүк көлігі мен «Тойота Превиа» жеңіл автокөлігі бетпе бет соғысқан.

Украинаның мемлекеттік номері бар жеңіл автокөлікте келе жатқан үш украиналық азамат оқиға орнында қаза тапқан.