«Прогресс» ғарышқа жүк жеткізді

Your browser doesn’t support HTML5

Ақпанның 17-і күні Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс» жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісті. Кеме оттегі, отын, ғылыми жұмыстарға қажетті аппаратура, азық-түлік пен станциядағы ғарышкерлерге жерден жіберілген сәлемдемелер – барлығы үш тоннадан аса жүк жеткізді. Қазір ғарыш станциясында алты адам: ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев, Елена Серова мен Антон Шкаплеров, АҚШ астронавтары Барри Уилмор мен Терри Вертс және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі италяндық Саманта Кристофоретти жұмыс істеп жатыр.