Назарбаев Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысымен кездесті

Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысы Николай Патрушев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Патрушев "екі елдің қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынасының жай-күйі мен келешегі, халықаралық күн тәртібінде тұрған мәселелер, оның ішінде Шығыс Украинадағы ахуалды" талқылаған. Кездесу жайлы егжей-тегжейлі хабарланбады.

Тараптар бұған қоса Еуразия экономикалық одағы аясындағы экономикалық мәселелерді де қозғаған. Кездесуде Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға қатысты "жаңа қатерлер" де сөз болған.

Николай Патрушев Астанаға Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңесі аппараттары арасындағы жоспарлы кеңесу жиынына қатысуға келген.