Дияс Дубайдағы жарысты аяқтады

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн. 21 қаңтар 2015 жыл.

Әлемнің 33-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс жүлде қоры 2,2 миллион долларды құрайтын Дубайдағы жарыстың ширек финалына шыға алмады. Ол үшінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы Екатерина Макаровадан (Ресей) 3:6 және 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Зарина Дияс үшінші айналымға дейін жеткені үшін 26 мың доллар мен 105 рейтингтік ұпай алды.

23 ақпанда жарияланатын әлемдік рейтингте Дияс 33-орыннан 31-орынға жоғарылайды.

Қазақстан теннисшісі енді 2 наурызда басталатын Малайзия ашық чемпионатына қатысады.