Хадиджа Исмаилова жаңа айыпты мойындамады

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова өзіне тағылған қаржыға қатысты жаңа айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Әзербайжан соты Исмаилованы 2014 жылы 5 желтоқсанда "адамды өлімге итермеледі" деген айыппен тұтқындап, кейін "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты", "салық төлеуден жалтарды" деген жаңа айыптар таққан.

Хадиджа Исмаилова тұтқындалғанға дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасының қаржысы туралы бірнеше зерттеу материалын жариялаған.

Сот кінәлі деп тапса, Хадиджа Исмаилова 12 жылға сотталуы мүмкін.