Қазақстан шахмат федерациясы ісін жалғастырады

Қазақстан федерациясына кіретін шахматшылардың бірі Жансая Әбдімәлік

Қазақстан шахмат федерациясы Азаттық тілшісіне федерация өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Федерацияның 2015 жылғы жұмысына бюджеттен 20 миллион теңге бөлінген.

Ақпанның 4-і күні шахмат федерациясының сайтында "қаржы тапшылығына байланысты ұйымы жұмысы уақытша тоқтағаны" туралы ақпарат жарияланған. Федерация бұл ақпаратты да жоққа шығарып, "түсініспеушілік" болғанын, ақпаратты сайтқа салғандар жазаланғанын да хабарлады.

Федерацияның мәлімдеуінше, Қазақстан шахмат құрамасы 2015 жылы Ресей, Өзбекстан мен Таиландта өтетін халықаралық жарыстарға қатысады. Қазақстан чемпионаты да ұйымдастырылады.