ИМ 200-ден астам христианды ұстап әкеткен

Сирияда жүрген күрд еріктілері. 25 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириялық белсенділердің мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы соңғы үш күнде 220-дан астам ассириялық христианды тұтқындап алып кеткен.

Ұлыбританиядағы Syrian Observatory for Human Rights ұйымы "ИМ үш күн бойы Сирияның солтүстік-шығысындағы христиандар тұратын ондаған ауылға тінту жасап, шіркеулер мен үйлерді өртегенін" мәлімдеді.

"Сирия ұлттық кеңесі" христиан ұйымы дерегінше, жүздеген христиан Әл-Хасеке провинциясының ірі қалаларына қашып кеткен. Ассириялық христиандар мен күрдтердің ИМ-мен соғысып жатқаны да айтылды.

АҚШ ИМ-нен тұтқындалған ассириялық христиандарды босатуды талап етті.

Соңғы уақытта ИМ Сирия мен Ирактағы діни азшылық топтар мен "халифат" заңына бағынбаған сүнниттерді өлтіруді және тұтқындауды жиілеткен.