БҰҰ: Ауғанстанда көшкіннен 229 адам мерт болған

Панжшер провинциясындағы тау жолын қардан тазалау. 27 ақпан 2015 жыл.

БҰҰ есебі бойынша, соңғы күндері Ауғанстанның солтүстік-шығысы мен орталығында болған қар көшкіні салдарынан кемінде 229 адам қаза тапқан.

Ауғанстанның 18 уәлаятында болған көшкіннен жүздеген адам үйсіз қалған. Панжшер аймағындағы тауда қалың қар еріп, көшкіннен 100-ге жуық үй қираған.

БҰҰ өкілдері көптеген аймақтарда жолдар қирағанын, табиғат апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін айтады.