Неміс футболшысы Қазақстан құрамасында ойнайды

Неміс футболшысы Александр Меркель (сол жақта бірінші) ҚФФ келісім-шартқа қол қою сәті. Астана. 3 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)

1993 жылы Қазақстанда туған кейін Германияға көшіп кеткен неміс футболшысы Александр Меркель Қазақстан құрамасында ойнауға келісімін беріп, ҚФФ-мен  келісім шартқа қол қойды.

23 жастағы Александр Меркель 2007-2011 жылдары Германия жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған. 2003-2008 жылдары германиялық "Штутгард", 2008-2011 жылдары италиялық "Милан" командасында ойнаған. Қазір швейцариялық "Грассхоппер" клубының ойыншысы.

2014 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясы Меркельдің Қазақстанда туғанын негіз етіп, оған ұлттық құрама шақырып, бірнеше рет ұсыныс жасаған.